БАҚ: Қазақстан азаматы АҚШ-та ұсталды

9 Тамыз, 16:33 645

Шетелдік БАҚ өкілдері АҚШ-та кибералаяқтық жасады деген күдікпен қазақстандық азаматтың ұсталғаны туралы жазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Court Watch порталының мәліметінше, қазақстандық Александр Ходыревпен бірге бұл істе ресейлік Павел Кублицкийдің де аты аталған. Іске қатысты сот құжаттары желіде жарияланды.

Олар даркнеттен заңсыз алынған ақпарат үшін қолданылатын WWH платформасын басқарды деген күдікке ілінді. Тергеушілер бұл қылмыстық форумды eBay мен Reddit-ке ұқсатады екен.

Ал Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров АҚШ тарапынан іс туралы ақпарат түспегенін алға тартқан.

Біз АҚШ құқық қорғау органдарынан ақпараттың рас-өтірігін нақтылауды сұрадық. Сондықтан Қазақстан азаматының ұсталғанын не ұсталмағанын растай алмаймыз, - деді Смадияров.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: