Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды

Бүгiн, 09:15 160

Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен Швецияда 38 жастағы ер адам тұтқындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған.

2018 жылдың қазан айында күдікті Алматы қаласындағы банктің бірінен аударымдарда махинация жасай отырып, 55 миллион теңге ұрлаған.

Қазіргі уақытта күдікті шетелде қамауда отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: