Банкрот болған жеке тұлғаның портреті қандай?

13 Қазан 2023, 12:15 2319
Мемлекеттік кірістер комитеті статистикалық мәліметтердің негізінде банкрот болған жеке тұлғаның портретін жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Осы уақытқа дейін 5 мыңдай қазақстандық банкрот деп танылды. Барлығы бес жылдан астам уақыт берешегін төлемеген. Олардың ішінде 58 проценті – ер адам, 42 пайызыі – әйел.
 
Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 36-дан 45 жасқа дейін. Олар жалпы банкроттардың 35%-ды құрайды. Ең жасы - 19 жаста, қарты – 76 жаста. Азаматтардың бұл санатының тұрақты жұмысы жоқ, демек өз берешегін өтеуге қаражаты болмаған, - делінген комитеттің хабарламасында
Қазіргі таңда 6,2 мыңға жуық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш қабылданды. Соның басым бөлігі – 58 пайызы ер адамдардан түскен. Қалған 42 пайызы-  әйелдер.
Қазіргі кезде комитет қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп қарыз алу талаптарын қатаңдатуды жоспарлап отыр, соның ішінде мерзімі 90 күннен асып кеткен қарызы барларға кредит алуға тыйым салынады.
EL.KZ
Бөлісу: