Бангладеш астанасы Дакка қаласында жарылыс болып, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Жойқын жарылыстан 14 адам құрбан болып, 140-тан астамы жарақат алған.
Оқиға орнында 11 өрт сөндіруші топ жұмыс істеуде. Жарылыс салдарынан 5 қабатты жәнее 7 қабатты тұрғын үй қирағаны мәлім болды.
Қайғылы жағдай автобус аялдамасының жанында болған. Әзірге оқиғаға не себеп болғаны белгісіз.
Дакка полиция басқармасы жарылыстың себебін анықтаумен айналысуда.