Қазақтың бойындағы өзгеше қасиеттердің бірі – балажандылық. Олар өздерінің мұншалықты балажан мінезін «Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» деп тәмсілдейді. Сөйте тұра балалары тәрбиесіз, залым болып өсе бастағандай болса, «Я, Алла, бала бер, бала берсең – сана бер, сана бермесең – ала бер!» деп, қажетті жерінде өзегін жарып шыққан өз баласына да қатаң бола білген. Бұл қазақтың қатыгездігі емес, қара қылды қақ жарар әділдікті жақтауы. Бұл енді бұрындары... Бүгінде бала тәрбиесінде нелерге көңіл бөлген жөн? Бұл туралы Ел.кз сайты оқырмандарының назарына ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Балжан Нұрғалиқызымен сұхбатты ұсынамыз.
─ «Ананың ақ сүтінен дарыған қасиет» деген сөз бар қазақта, ана сүтінің пайдасы сәби үшін қаншалықты маңызды?
─ Біріншіден ана сүті баланы мейірімді болуға тәрбиелейді.Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі — сүті. Ана сүті өмірге жаңа келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Ана сүтін беру интеллектуалды және эмоционалды дамудың жақсы негізін қалайды. Ал ана сүтін ембеген бала көп жағдайда аурушаң болып өседі.
Сәбилік кезең бала туылған сәттен бастап, екі жасқа дейін жалғасады. Құранда сүт ему уақыты екі жыл екендігі айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) екі жасына толмай шетінеген ұлы Ибраһим жайында: «Оның сүт анасы жаннатта. Қалған сүтін сонда еміп, екі жылын тәмамдайды» - деп, сәби үшін сүт ему кезеңінің 2 жыл екендігін меңзеген.
Сәби мұрнында сүт иісін тез сезетін қасиет дамыған. Соның арқасында жас нәресте ерніне тиген нәрсеге дереу ауыз салып, еме бастайды. Тіпті туылғанына жарты сағат өтпей жатып, оның еміп кетуі таңғаларлық. Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бір қызығы, бала өскен сайын ана сүтінің құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады. Бұл оның ғажайыптылығы,қазақтың әлжуаз балаларды көргенде «уызға жарымаған» деп жатуының мәні осы. Мамандардың айтуынша сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кезеседі. Мысалы сиыр сүтіне қарағанда емшек сүтінде балаға ең керекті «А», «Е», «Д» дәрумендері көп.
─ Ендеше, емізудің ана мен балаға пайдасы қандай?
─ Психологтердің айтуынша, емізу кезінде шешесінің бар жан-тәнімен сәбиді көкірегіне қысуы, аймалауы, бөбектеуі, сөйлеуі, еміренуі, мейірленуі, маңдайынан иіскеуі, сылап-сипап, еркелетуі арқылы бала мен ана арасындағы ұзақ жылдарға жалғасатын өзара сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдері қалыптасады, баланың физикалық әлеуметтік, психологиялық, рухани жан дүниесі толысады. Ал сүт қоспаларымен қоректендіруде мұндай жылы сезімдердің болмасы анық. Ана сүтін емген балалар тез табысқыш, адамға жұғымды болып өседі. Ал ана сүтін ембей өскен балаларда жасөспірім шақта қатігездік, қылмысқа бейімдік көп байқалған. Емізу баланы да, ананы да жайлы сезімге бөлейді. Сәбидің тәтті ұйқыға кетуі сүт арқылы жүзеге асады. Баланың борпылдатып емуі ананың денесін жұмсартып, еміренуін арттырады, шаршағанын басады. Баламаен қатар ананың жүйке жүйесіне де емізудің пйдасы зор. Психолог маман ретінде айтар болсам шыныменде анасын екі жасқа дейін емеген бала, көп ауыра бермейтін мейірімді бала болып өседі.
─ Баланың жылауық болуы әсіресе жас ата-аналар үшін мазасыз жағыдай. Психолог маман ретінде айтыңызшы, бала неге жылайды?
─ Жаңа туған сәбидің сөйлейтін тілі бола ма? Егер болмайды десеңіз, онда қателесесіз. Қандай да бір қажеттілік туғанда сәбидің қолданатын тілі-жылау. Бала өз мазасыдығын жылау арқылы білдіреді. Ол ештеңеге шамасы келмейтін, тым әлсіз, әлжуаз жас сәбиге жасалған Құдай Тағаланың рақымы.
Сәбидің өз өмірін іңгәләп бастауында үлкен мән бар. Өйткені, осы жылаудың арқасында сәбидің өкпесі ашылып, тыныс алу әрі жүректің қалыпты жұмыс жасауы жақсарады. Сол себепті, өмірге жаңа келген сәби міндетті түрде жылауы тиіс. Сәбилердің 70-80 пайызы туа салысымен өздігінен жылайды. Егер жыламаса, арқасын сипап, аяқ-қолынан қағу арқылы баланы жылату керек.
Бетез Ұлттық денсаулық сақтау институтында (АҚШ, Мэриленд штаты) жүргізілген зерттеу нәтижесінде өте көп жылайтын әрі бір жастан асқанда өте көп шыңғыратын балаларда физикалық әрі психолгиялық ауытқушылықтардың жиі кездесетіндігі анықталған. Сол себепті, мамандар кейде ата-анасының қалай уатса да көнбей көп жылаған балаларды педиатрға қаратқан жөн деген кеңес беруде. Жылаған балалар көбіне қолға алып құшақтағанда барып уанады. Бұл кездейсоқтық емес .Жатырдағы соңғы төрт айын анасының жүрек дүрсілін естумен өткізген сәби кейіннен сол жүректің дүрсілін естумен өткізген сәби кейіннен сол жүректің дүрсілін естімеген уақытта мазасыздана бастайды. Қолға алынғанда, естіген жүрек дүрсілі оны қайта тыныштандырады. Ондай да сәби өзін қауіпсіз сезінеді. Сол себепті, бала жылаған уақытта оны жұбату үшін алдымен қолға көтерген дұрыс. Емізу немесе тербету де баланы жұбатуда өте жақсы әдіс. Үш айдан асқанда анасының сөйлеген сөздеріне бала жұбана бастайды. Төрт айлығында бала көрген қызылды-жасылды нәрселерге, ойыншықтар мен естігендеріне алдана бастайды. Сәби сүтке тойған күннің өзінде қыңқылдап жыласа, онда шешесінен мейірім мен жан жылуын күткені деп ұққан дұрыс. Сүт оның материалдық қорегі болса, оған көрсетілген мейірім- рухани қорегі болып табылады.Байқасаңыз бала әркелкі жылайды. Кейде ызаланғанда бақырып қатты жылайды. Тәжірбиесі мол әйелдер жылаған даусына қарап-ақ баланың не сұрап тұрғанын біле қояды. Өйткені, жылау бала мен ана арасындағы құпия тілдесу.
Бір қызығы, бала қаншалықты алыста болмасын арадағы телепатия арқылы шешесі оның мазасызданғанын немесе ашыққанын сезе алады. Ұйқысы қатты әйелдердің баласының жылауына қалай оянатындығы тылсым жұмабақ-ақ.
─ Ана баласына қаншалықты мейірімді болуы тиіс?
─ Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан келе бермеуі мүмкін. Сол үшін мынадай нәрселерге коңіл бөлген жөн, атап айтар болсақ:
Жылулықты да сездіретін әйел адам,бақытты отбасын шаттыққа бөлейтін анасы мен баласы. Ал сол отбасының шаттыққа бөленуі анасы мен әкесінің қолында. Баланың бақытты болуы,анасы мен әкесіне байланысты.
Ана неғұрлым өз баласын, сезіммен шын жүрекпен сүйсініп жақсы көрсе бала мейірімді болып өседі.Әкесімен анасының мейіріміне қанығып өскен бала,болашақтың жарқын жүзді тұлғасына айналары сөзсіз. «Балалы үй базар,баласыз үй қу мазар» деп, қазақ халқы бекер айтпаса керек.Бала болған үйде шаттықта,қуанышта болады.Баланың күлкісі мен қылығы қай жанды да,қызықтырмай қоймайды.
Бұл айтылған кеңестер бала тәрбиесінің маңызын арттыруға, сондай ақ, өз баласын түсінбей жүрген ата-аналарға арналады. Бала сіздің іс-әректіңзді қайтлаушы ғана екенін есіңізден шығармаңыз.
─ Алтын уақытыңызды қиып, сұхбат беруге келіскеніңізге рахмет! Әр қазақтың қара шаңырағында тұлымды ұлдар мен бұрымды қыздар көбейе берсін!