Балқаш қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ерекше іс-шара ұйымыдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Игі бастамаға мектеп оқушылары белсенді түрде атсалысып, қоршаған ортаны қорғау тақырыбында суреттер көрмесін өткізген.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыру, табиғатты аялауға деген сүйіспеншілігін арттыру және қоғамға қоршаған ортаны маңыздылығын жеткізу. Көрмеге қойылған суреттер табиғатты қорғау, ластанумен күресу және жыл желекті сақтау сынды өзекті мәселелерді қамтыды. Балалар өз жұмыстарында экологияның бүгінгі жағдайын, табиғатты қорғаудың қажеттілігін және таза қоршаған ортаның болашақ ұрпақ үшін маңыздылығын бейнеледи.
Көрме барысында мектеп ұстаздары мен оқушылар экологическиялық тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті. Іс-шара соңында белсенді оқушылар алғыс хаттармен марапатталып, олардың шығармашылық еңбегі жоғары бағаланды.