Балқашта көпқабатты үйге жапсарлас салынған дәмханада өрт шықты

Кеше, 15:06 198

Балқаш қаласында көпқабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхананың ас бөлмесінде өрт шықты. Оқиға бүгін 19 қазанда Бейбітшілік көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, ас үйдегі фритюр қуырғышындағы май жанып, өрт содан шыққан. Қызыл жалын аумағы - 6 шаршы метр. 

Төтеншеліктер өрт кезінде 8 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады. Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Есіңізде болсын! Егер май жанса:

Тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;
Табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ шыны қақпақ болмауы керек!
Жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз - бұл қауіпті;
Өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: