Қарағанды облысы Балқаш қаласында екі жеңіл көлік ағаштың астында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы хабарлама 112 пультіне келіп түскен. Оқиға Мұхамеджанов ықшам ауданында бес қабатты тұрғын үйдің ауласында болған. ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары араның көмегімен ағашты кесіп тастады. Ешкім зардап шеккен жоқ.