Балқашта 4 жасар бала терезеден құлады

20 Шілде, 15:12 613

Балқашта екі қабатты тұрғын үйдің терезесінен 4 жасар бала құлап кетті. Оқиға кеше 19 шілдеде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүлдіршін екінші қабаттан құлаған. Қарағанды облыстық ТЖД мәліметінше, бала дереу ауруханаға жеткізілді.  

Алдын ала мәлімет бойынша, бүлдіршін ересектердің қарауынсыз қалған. Содан ол шыбын-шіркей өткізбейтін торға сүйеніп тұрып, терезеден құлап кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: