Балқашқа барған туристер қоқыстар мен тамақ қалдықтарын құмның астына тыққан

12 Шілде 2023, 12:12 1167

Мереке және демалыс күндері Балқашта 20 мыңға жуық адам демалды. Демалушылар қоқыстарын шашып, құмның астына тығып кеткені белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі Сапар Сатаев өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Жазғы маусымда Балқаш барлық туристерді қызықтыратын орынға айналады. Аймақ басшысының мәліметінше, мұнда әртүрлі елдер мен қалалардан туристер келеді.
 
2022 жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсетілген туристердің жалпы саны 67 295 адамды құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 33,3%-ға өсті. Балқашқа келушілер саны жыл сайын көбейіп жатыр.
Өткен мереке және демалыс күндері Балқашта 20 мыңға жуық адам демалды. Әрине, бұл туризмнің дамуына, қалаға қаржының түсуіне және жергілікті бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуіне әкеледі,- деп жазды қала басшысы.

Дегенмен демалысқа келген туристер мәдениетсіздік танытып, қоқыстарын отырған жеріне тастап кеткен. 

Бірақ, бұның сырт жағы бар - бұл қоқыс пен рұқсат етілмеген қоқыс орындарының үлкен көлемінің пайда болуы. Балқаштың бүкіл жағалауында демалушылардан кейін қалған қоқыс аз емес. Демалушылар қоқыстарын контейнерлерге апара алмай, темекі, бөтелкелерді, майлық және тамақ қалдықтарын құмның астына тығып қояды. Белсенділер, жұмысшылар, еріктілер жағажайды тазарту жұмыстарын үздіксіз жүргізуде. Өткен демалыс күндері Шұбар-Түбек және Тораңғалық ауылдарының жағажай аймағынан 1000 қапқа жуық қоқыс жиналды, - деп жазды Сапар Сатаев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Балқаш қаласы әкімдігі (@balqash_qalasy_akimdigi)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: