Балқаш көлінің жағалауында қамыс өртеніп жатыр

26 Сәуір, 23:17 784

Қарағанды облысы Балқаш қаласынан 5 км қашықтықта Балқаш көлінің жағалау сызығы бойында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, өрт Сарышаған шығанағы аумағында шыққан. Қазіргі таңда онда кірер жолдар жабық. Елдімекенге қауіп жоқ.

Өртті жоюға облыстың ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды. 

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы келіп жеткен ақпаратқа сүйенсек, түнгі уақытқа байланысты қамыс өртін сөндіру тоқтатылып, таңертең жалғасатын болады.

Зарина Арман
Бөлісу: