Айтыскер ақын Балғынбек Имаш пен әнші Жеңіс Сейдоллаұлы құда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балғынбек Имашевтің қарындасы Назым Сейдоллаұлының әулетіне ұзатылған.
Салтанатты іс-шараны айтыскер ақын Данияр Алдаберген әлеуметтік желіде бөлісті.
Сәні мен салтанаты жарасқан ұлттық үлгідегі тамаша думан болды. Осы іс-шараға үлес қосқан барша бауырларыма Алла разы болсын! Жеңіс аға мен Алма жеңгем құдаларды бастап келгенде іштей мәз болдым. Көптен көрмеген сыйлас жақындарыңды кездестірсең, көзіңе оттай басылады екен. Ағамыздың әні кештің сәні болды, - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram