«Балдызёнок» деп еркелететін». Аша Матай жездесі туралы жазба жариялады

Бүгiн, 05:21 280

Танымал әнші, актриса Аша Матай жездесі, продюсер Әділжан Юсуповпен қоштасты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аша Әділжан Юсупов жайлы суық хабардан соң жазба жариялады.

Ауырады жүрек. Мейірімді жездем, мені «балдызёнок» деп еркелететін сүйікті Әділжан ағамыздан айырылып қалдық… Жақыныңды жоғалту – үлкен қайғы.

Юсупов Әділжан Әкімжанұлының жаны жәннатта болсын, - деп жазды әнші.

Бұған дейін Әділжан Юсуповтің өмірден өткенін қайын апасы Баян Алагөзова хабарлаған.

Асқар Таудай
Бөлісу: