Баланы оқуға баулу

3 Қазан 2014, 09:55

Баланың не оқығаны, оның болашағына әсер етеді

Сурет: Huffingtonpost.com

Қазіргі балалар шынымен де оқуды ұнатпайды, оған ұмтылмайды да. Бұл үрдістің соншалықты қатты таралғаны, оқумен байланысты құрылымды сөйлеу мен дұрыс жазу қабілеттері дамымай қалады. Оған әдетте теледидар мен компьютерлік ойындар себепші. Жаңа нәрсені үйренудің басқа түрлері көбейіп, балалардың кітап оқуға деген қажеттілігі жойылып барады. Бірақ ең басты мәселе бұларда емес. Теледидар мен компьютер, ойындарға көп уақыт бөліу, ата-ананың балаларын дамытуға назар аудармауының салдары. Бәрін қалпына келтіруге болады. Бастысы балаларға дұрыс бағыт беру. Осы бойынша төменде бірнеше пайдалы кеңес.

Оқыңыз және ол туралы сөйлесіңіз

Баланың кітап оқуға махаббатын ол әріп танымай тұрып оятыңыз. Қызықты әңгімелерді, ертегілерді балаға дауыстап оқыңыз. Оқылған кітаптағы мәліметтер туралы балаңызбен талқылаңыздар. Ертегідегі басты кейіпкерлерді, қызықты сәттерін, даму сюжетін еске түсіріңіздер.

Оқуға дұрыс материалдарды таңдаңыз

Егер де балаңыз фантастикаға қызығатын болса, сол сала бойынша қызықты әдебиеттерді тауып беріңіз. Қаншалықты кітап түсініксіз, «ақымақ» болып көрінгенімен де, алып беру керек. Себебі, бала өскен сайын қызығатын тақырыптары өзгереді. Ал оқуға деген қызығушылық қалып қоюды.

Әрдайым оқуды қолдап отырыңыз

Егер де балаңыз сөздерді толық оқып үйренсе, ол қабілетін күнделікті өмірде пайдалануына көмектесіңіз. Шынайы өмірде оқу маңызды екенін көрсету керек.

Заманауи технологиялар мен құралдарды пайдаланыңыз

Планшеттер немесе ноутбуктар кітаптың тікелей қарсыласы деп ойламаңыз. Керісінше, олардың кітап оқуға арналған барлық мүмкіншіліктерін пайдаланған дұрыс. Арнайы онлайн кітапханалар, кітаптарды жүктейтін қосымшаларды орнату қажет. Балаңызда eBook болғаны да жақсы.

Үлгі болыңыз

Балаңызға қанша жерден кітап оқы деп айтсаңыз, қаржылай стимул берсеңіз де ол кітап оқып бастап кетуі қиын. Ең жақсы әдіс – балаңызға үлгі болу. Ата-анасының кітап оқып отырғанын көрген баланың өзі де кітап оқуға ұмтылады. Балалар көп жағдайда өз ата-анасының әрекет ету моделін қабылдайды.

Медианы пайдаланыңыз

Заманауи телевидение, кино және компьютерлік ойындар желісінің басым бөлігі әдебиеттен алынған. Осы негізде баланы кітап оқуға үйретуге болады. Мысалы, «Үш ноян» кітабының желісі бойынша кітап түсірілді. Соның қалай болғандығы балаға өте қызық болар еді. Қызықтырудың жаңа тәсілдерін пайдаланыңыз.

Эстетикалық ләззат алу

Балаға ең негізгі кітап оқу үрдісін эстетикалық ләззат алатындай екенін сендіру керек. Оқу жазалау, қажеттілік немесе міндет емес. Керісінше, ең күшті марапат деген оймен баланы үйретсе, өзі де оқуға ұмтылып отырады.

Ал аталған проблеманы сіз қалай шешесіз?

Бөлісу: