"Балама баруым керек". Автобус жүргізушісін ұрған жолаушы қашып кетпек болған

25 Желтоқсан 2023, 12:14 28945

Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 24 желтоқсандағы сот қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті А-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

22 желтоқсан күні Алматыда №47-ші бағыттағы қоғамдық көліктің ішіндегі жолаушы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді ұрған. Салдарынан ол есінен танып, көлікті басқара алмай қалған. 3 адам қаза тауып, 4 адам түрлі жарақат алғаны белгілі.

Оқиғадан соң жанжал шығарған жолаушының қашып кеткісі келген сәтінен видео жарияланды. Ол "Балама баруым керек, балама баруым керек, кешірші", - деп сөйлеп жатыр. Басқа жолаушылар оны ұстап алып, адам өлгенін айтып жатыр.

 

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: