Балаларына 5,5 млн-ға жуық теңге қарыз шымкенттік әке сотталды

14 Наурыз, 06:22 753

Шымкентте өз балаларына 5,5 млн-ға жуық теңге қарыз әке сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ер кісі кәмелетке толмаған ұлы мен қызын асырау үшін алимент төлеу міндетін жылдар бойы орындамаған. Прокуратура актісінің негізінде полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 139-бабымен іс қозғап, сотқа жіберді.

Сот үкімімен борышкер 1 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі қылмыстық жазаға тартылды.

Оқи отырыңыз: 

Перизат Саденова
Бөлісу: