Балаларымыз қазақ тілін үйренеді - Даррен Диц

15 Шілде, 17:42 907

«Барыс» клубында және Қазақстан құрамасында ойнаған Канада елінің тумасы хоккейші Даррен Диц балаларымен қай тілде сөйлесетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Даррен жұбайы Іңкәр екеуі екі бала тәрбиелеп отыр.

Қазақстанға келгенде орыс тілін күн сайын оқыдым. Алғашында тек хабраламалар арқылы ғана сөйлестім. Командаластарымды түсіну тіпті қиын болатын. Алайда, күнделікті оқып-үйренгенімнің арқасында орысша ойланатын дәрежеге жеттім. Үйде балалармен орысша сөйлесеміз. Кейде ата-анаммен сөйлесіп отырғанда орысша ойланып кетететінім бар, - деді хоккейші.

Сонымен қатар, Даррен Диц алдағы уақытта балаларына қазақ тілін үйрететінін айтты.

Олар қазақ тілін білгенін қалаймыз, - деді Диц.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: