Балалары нашар баға алған ата-аналарға айыппұл салына ма?

31 Мамыр 2023, 07:41 911

Instagram-да Қарағандылық жаңалықтар парақшасында балалары мектепте нашар оқитын ата-аналарға айыппұл салуды көздейтін норма қарастырылған жаңа заң жобасы талқыланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Stopfake.kz сайты өңірдің білім басқармасы бұл қауесетке қатысты түсініктеме бергенін мәлім етті.

Алаңдауға негіз жоқ. Елімізде балалар «екі» алғаны үшін айыппұл салу жоспарда жоқ.

Қолданыстағы заңнамада балалардың қанағаттанарлықсыз бағалары үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылмаған. Осындай жаңашылдықтар енгізілген нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқылауға шығарылған жоқ. Қандай да бір білім беру реформаларын енгізу туралы нақты мәліметтер алу үшін ресми ақпарат көздерін пайдалануды ұсынамыз, – деп хабарлады Қарағанды облысының білім басқармасы.

Берік Арманов
Бөлісу: