Балаларды тәрбиелеу туралы блог авторы өз балаларын қорлады деп айыпталуда

4 Қыркүйек 2023, 09:12 995

АҚШ-та балаларды тәрбиелеуге арналған видеоблог жүргізетін әйел өз балаларына зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Блогер Руби Франктің 12 жасар ұлы Ютадағы үйінен қашып кетіп, көршілерінен көмек сұраған. Жасөспірім олардан су мен тамақ беруін өтінген. Көршілерінің сөзіне қарағанда, ұлдың білегі мен алақынында скотчтың бөліктері болған.

Оқиға орнына келген полиция баланы ауруханаға жеткізіп, оның мүлде тойып тамақтанбайтыны және үнемі аяқ-қолын байлап қоятындығын анықтады.

Блогер әйелдің 10 жасар қызы да ауруханаға жатқызылды. Әйелдің өзге балалары әлеуметтік мекемеге орналастырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: