Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншықтарының 1499 үлгісін зерттеді, деп хабарлайды El.kz
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі мәселесін ерекше бақылауда ұстайды. Комитет қызметкерлері ай сайын мониторинг жүргізеді, зерттеу үшін ойыншық үлгілерін алады, сәйкессіздіктерді анықтайды.
Өнімнің қауіпсіздігін мониторингтеу аясында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалар ойыншықтарының 1499 үлгісін зерттеді. Тексеру нәтижесінде 706 үлгі «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» талаптарға сәйкес келмеді, бұл 47,1%-ды құрады. Оның ішінде, отандық - 9 (1,3%), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 59 (8,4%), басқа елдер - 638 (90,3%).
Бұзушылықтардың негізгі бөлігі таңбалау талаптарын бұзуға жатады - 97,6%, органолептикалық көрсеткіштер бойынша - 3,3%. Санитариялық-химиялық бойынша 23 үлгіде қауіпсіздік көрсеткіштерінің асып кетуі анықталды.
Оның ішінде:
- ксилол — 5 ойыншық (Novel special «Рыбалка» ойын жиынтығы, Fighting Eagle тапаншасы, 6+ жастан асқан балаларға арналған «GYROSCOPE SERIES», пластмассадан жасалған қуыршақ, «L.O.L surprise!», ҚХР ыдыс жиынтығы);
- бензол — 4 ойыншық («FREEZE II» қуыршағы, «Лариса MONSTER GIRL» қуыршағы, «THUNDERCYRO» балаларға арналған пластмассадан жасалған ұшатын диск ойыншығы, ҚХР ыдыстар жиынтығы);
- фенол — 3 ойыншық («Вкусняшка» антистресс ойыншығы, «Lovely baby» қуыршақ ойыншығы, «Юла» балалар ойыншығы);
- гептан — 2 ойыншық ( «Военный» ойыншық жинағы, пианино «Little musicial» балалар ойыншығы);
- формальдегид — 3 ойыншық (автомобиль трансформаторы Мини W ТОБОТ, «Қуыршақ» ойыншығы, ҚХР ыдыс жиынтығы);
- этилацетат — 1 ойыншық («Baby Shop» қуыршағы);
- стирол — 2 ойыншық (пластмассадан жасалған қуыршақ, «L.O.L surprise!», ҚХР ыдыстар жиынтығы), метил спирті — 1 ойыншық («Лариса MONSTER GIRL» қуыршағы), изопропил спирті — 1 ойыншық («Baby Shop» қуыршағы), изобутил спирті — 1 ойыншық ( «Baby Shop қуыршағы). Анықталған бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді. 21,5 кг ойыншықтар сауда кәсіпорындарында сатудан алынды. Сатуға қойылған өнім оның қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатылды.
Кейбір ойыншықтар үшін Қырғыз және Ресей сертификаттау органдары берген сәйкестік сертификаттары ұсынылған, осыған байланысты Ресей Федерациясының сәйкестікті растау органдары берген сәйкес келмейтін ойыншықтарға сәйкестік сертификаттарының қолданылуын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне 2 материал жіберілді.