«Балалар филармониясы» атты жаңа жоба іске қосылады

2 Қыркүйек 2022, 16:43 1860

Жоба аясында ұйымның шығармашық ұжымдары дәріс-концерттерді ұсынады

«Балалар жылы» аясында «Қазақконцерт» қабырғасында кешенді жаңа жоба - «Балалар филармониясы» атты оқушылар абонементі іске қосылады, деп хабарлайды El.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның негізі мақсаты - жас дарындарды өнер әлемінде үйлесімді дамытып, сұлулық пен әдемілікті дұрыс ұғынуға жетелеп, оларда сезім байлығын қалыптастыруға түрткі болу.

Жоба аясында ұйымның шығармашық ұжымдары дәріс-концерттерді ұсына отырып, өнерімен топ жарған майталмандарымыз жас мамандарды даярлауда өздерінің кәсіби шеберліктерімен бөліседі.

Атап айтсақ, «Қазақтың музыкалық аспаптары», «Классикалық музыкалық аспаптар», «Мюзикл дегеніміз не?», «Домбырадағы орындаушылық  мектептер» атты дәріс-концерттер, сондай-ақ вокалдық, актерлік,  би  секілді сұңғат өнердің түрлері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар жоба абонементін пайдаланушы «Қазақконцерттің» ұйымдастыруымен өтетін отандық кинокөрсетілімдер мен таңдамалы концерттерді тамашалай алады.

«Балалар филармониясы» жобасы биылғы жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында әр сенбіде сағат 12.00-де өтеді.






Бөлісу: