Астана Полиция департаменті тұрғын үйлердің бірінің лифтінде балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім ұсталған сәтті көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана Полиция департаменті балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Күдікті ретінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Ол заңды өкілімен бірге дереу полицияға жеткізілді.
Ведомство мәліметінше, тергеу аяқталған соң оны оқшаулау бойынша шаралар қабылданбақ.
Оның заңды өкілі баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер оған қажет көмекті көрсетіп жатыр, - деп мәлімдеді полиция.