Балаға ағылшын тілін қай жаста үйрету керек?

15 Қаңтар, 12:30 1284

Ағылшын тілі – жаһандық деңгейдегі қарым-қатынас тілі. Өйткені, ағылшын тілі - қытай тілінен кейін ең танымал тіл және әлем халықтарының 40 пайызы ағылшын тілінде сөйлейтіндер.

Қазір балаларды ерте жастан аталған тілге үйрету тендеция болып кетті. Себебі түсінікті. Сұраныс бар. Бірақ, енді жетіліп келе жатқан жеткіншекті ағылшын тіліне қанша жастан баулыған дұрыс? Мамандардың кеңесіне құлақ түріп көрейік.

Тіл мамандарының айтуынша, ағылшын тілінің алғашқы сабақтарын 1,5-2 жастан бастап қолға алуға болады. Бірақ, дәрісті бастаудың ең оңтайлы мезгілі ол – 7 мен 9 жас аралығы дейді. Өйткені, осы уақыт аралығында бала жаңа дүниелерді тез қабылдауға бейім болады. Ең дұрыс жолы – бұл арнайы тіл мамандарына балаңызды сеніп тапсыру.

 

Ең оңтайлы уақыт қандай?

Ата-аналар балаға өз бетімен жаңа дүние үйретерде келген жасына аса мән беруі керек. Өйткені:

 

Ең маңызды дүние – бастауыш сынып табалдырығын енді аттаған баланың білімге деген құштарлығын ашу. Егер, қолыңыздан келсе, онда жас жеткіншек жаңа нәрсеге ашық, тез қабылдауға бейім болып өседі.

Бастысы баланы қолдап, сенім білдіріп тұру керек. Қателескен кезінде сабырлылық танытып, сағын сындырмасаңыз білімге құштар жас дос ағылшын тілін ғана емес, көп пайдалы дүниені өзі-ақ оңай үйреніп алады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: