Балаева Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысымен кездесті

12 Желтоқсан 2023, 19:02 882

Аида Балаева Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробартпен кездесті.

Тараптар кездесуде кеңінен талқыланып жатқан «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты пікір алмасты. 

Министр заң жобасымен жұмыс барысында Парламент қабырғасында 20-дан астам отырыс өткізіліп, 200-ден аса толықтыру енгізілгенін айтты. 

Кездесуде алдағы бірлескен жобалар да талқыланды. Атап айтқанда, тараптар мемлекеттік қызметшілерді қоғамдық кеңістікте жұмыс істеу бойынша оқытуда ынтымақтасуға, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеуге қатысты ұсыныстарды қамтитын бірлескен әдістемелік құралдар әзірлеуге келісті.

Берік Арманов
Бөлісу: