Балабақшалар оқытудың жаңа моделі бойынша жұмыс істейді

1 Қараша 2022, 11:01 4233

Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов айтты

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов балабақша бағдарламасындағы оң өзгерістер мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы Үкімет отырысында баяндады, деп хабарлайды El.kz

"Білім саласының ең маңызды деңгейі – балабақша. Зерттеулерге сәйкес, баланың интеллектуалды, әлеуметтік, эмоциялық, физиологиялық дамуына балабақшалардың әсері орасан зор. Сол себепті балаларды ерте дамытудың  жаңа моделі енгізілуде. Бағдарлама да, оқыту әдістері да түбегейлі өзгеруде. Бұл тәуелсіздік жылдарынан бастағанда мектепке дейінгі білім жүйесіндегі ең үлкен өзгерістің бірі екенін айтқым келеді", - деді министр.

Министрдің айтуынша, бұның алдындағы бағдарлама тым академиялық болып, 3-4 жасар балаларды  отырғызып қойып 20 минуттан сабақ оқытсақ, енді халықаралық тәжірибені ескере отырып, тәрбие мен оқыту балалардың жас ерекшедіктеріне сәйкес, ойын арқылы жүргізіледі. Яғни баланың тұтас дамуы үшін барлық жағдайлар қарастырылады. Балалар коммуникативті, өзіне сенімді, қиындықтарға төзімді, дендері сау, ашық және креативті ойлайтын,  отансүйгіштік, еңбекқорлық пен білімге құштарлық құндылықтарын бойына сіңіріп балабақшадан тәрбиеленіп шығатын болады.

"2 ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін, жаңа балабақшалар ашылады, мемлекеттік тапсырысты жекеменшік балабақшаларға орналастыру жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысынаң тапсырмасына сәйкес тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы көбейтіледі. Тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылады. Балалардың қауыпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді шаралар қарастырылды", - деді министр.

EL.KZ
Бөлісу: