Балабақшалар енді күн тәртібін еркін әзірлей алады

6 Желтоқсан 2022, 06:07 1723

Бұл тәрбиешілерге оқыту мен тәрбиелеуде түрлі әдістерді қолдану үшін жасалып отыр

Бұдан былай мектепке дейінгі ұйымдар күн тәртібін еркін әзірлей алатын болды, деп хабарлайды El.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Мектепке дейінгі білім берудегі жаңа стандарт туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Мемлекеттік стандарты мен үлгілік бағдарламалардың қабылдануы осы мәселедегі басты қадам болды. Баланың барлық аспекті бойынша «толық дамуы» бірінші орынға қойылған. Оның ішінде интеллектуалды, құндылық, әлеуметтік-эмоционалды және физикалық даму бар. Осы мақсатқа жету үшін стандартта бірқатар өзгеріс бар. Біріншіден, оқу жоспарының икемділігі кестені және сағат жүктемесін қатаң реттеуді болдырмау арқылы қамтамасыз етілді. Енді мектепке дейінгі ұйымдар еркін күн тәртібін әзірлей алады, - деді министр.

Сондай-ақ жаңа үлгілік оқу жоспарында біз мұғалімдер мен балалар арасындағы өзара іс-қимылының негіздері қарастырылған. Оларға балалардың сөйлеуін дамыту, кітап оқу, математика негіздерін үйрету, шығармашылық және зерттеу жұмыстарымен айналысу бойынша күнделікті жұмыс кіреді. Сонымен бірге стандартта балаларды ұлттық, отбасылық құндылықтарды, отансүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, еңбекке, т.б. тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістері көрсетілген.

EL.KZ
Бөлісу: