Балабақша тәрбиешілері мен мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті

6 Қаңтар 2023, 15:04 1760

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен мәлім етті

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілері, мектеп және колледж мұғалімдерінің жалақысы 25%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. Осылайша, мұғалімдердің жалақысы қазіргі уақытта екі есеге артты.

«Ел Президентінің қолдауы арқасында мұғалімдердің жалақысы жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар олардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл -  біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер. Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз нәтижесін беріп жатыр. Педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен «Алтын белгі» иегерлері келе бастады. Бұл болашақта балалардың оқуына оң әсерін тигізеді», - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

EL.KZ
Бөлісу: