Ақмола облысының прокурорлары мектепке дейінгі білім беру ұйымында бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақсы ауданының прокурорлары «Болашақ» балабақшасының қызметіне тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша балабақша есепшісі қызмет және тауарларға арналған 9 млн теңгені өз шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.
Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасында сотқа дейінгі тергеп- тексеру басталып, одан әрі тергеу экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.