Балаңызды қай мектепке бере аласыз?

13 Тамыз 2022, 09:38 1197

Білім беру ұйымын таңдауда бірнеше мәселеге мән беру керек

Балаларды қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес, ата-аналардың таңдауы бар: сізге ұнайтын мектеп және тіркелуге сай мектеп. 

Сіз оны осылай шеше аласыз:

• Баланың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері алдымен өздері тұратын жердегі мектептермен байланысуы керек. Бұл мектептер оқушыны қабылдаудан бас тарта алмайды;

• баланың жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып, мектеп таңдауға болады.

Ата-аналардың көпшілігі жалпыға бірдей мынадай талаптарды басшылыққа алады:

• сынып мұғалімі жақсы;

• мектептің орналасқан жері (үйден немесе әкесі мен анасының жұмыс орнына қарым-қашықтық);

• мектеп жабдықтары (кабинеттер, компьютер бөлмесі, спорт залы, абаттандыру);

• ұзартылған сабақ сыныбы /класс/ болуы;

• жеке пәндерді тереңдетіп оқу немесе гуманитарлық, математикалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша бірінші сыныптан оқушылардың бөлінуі;

• Факультативтер таңдау (спорт секциялары, шығармашылық үйірмелер);

• оқу уақыты басталуы (бастауыш сыныптар үшін бірінші немесе екінші ауысым);

• Мектептің ҰБТ бойынша көрсеткіштері және т.б.

Автор:Сауле Сарбасова

EL.KZ
Бөлісу: