Бала саудалаумен айналысқан шымкенттік әйел Оңтүстік Кореядан табылды

19 Қазан 2022, 19:16 2939

Қылмыскер Оңтүстік Кореядан Қазақстанға депортацияланды

Қазақстанда іздеуде болған қылмыскер әйел Оңтүстік Кореядан депортацияланды, деп хабарлайды El.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы оңтүстік кореялық әріптестермен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандарды саудалап, жалған құжат жасағаны үшін іздеуде жүрген 39 жастағы Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

Бұған дейін әйел қыз бала туып, оның құжаттарын қолдан жасап, биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз операция жасаған. Осыған байланысты фигурант халықаралық іздеуге жарияланды.

Қылмыскер Оңтүстік Кореядан Қазақстанға депортацияланды. Ол Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу: