Бала күтімі бойынша жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленеді

8 Желтоқсан 2022, 14:57 1694

Сенат төлемді ұзартуға қатысты заңды қабылдады

Сенат бала күтіміне қатысты төлем мерзімін ұзартуға қатысты заңды қабылдады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Аталған құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң аясында 1 кодекс пен 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ескерілген.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мәліметіне қарағанда, құжатты «жастарды дамыту индексі», «жастардың әлеуметтік қызметтері», «уақытша орналастырылмаған жастар», «жастармен жұмыс жөніндегі маман», «жастардың еңбек жасақтары» ұғымдары заңнамалық бекіту қарастырылған.

Сонымен қатар бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1,5 жасқа дейін ұлғайту, базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен көтеру, ортақ зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде табыстың ең жоғары шектелуін 46-АЕК-тен 55 АЕК-ке дейін арттыру, сақтандырылған адамдар үшін жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табыстың 45%-на дейін өсіру тұрғысында тұжырымдамалық түзетулер қамтылған.

EL.KZ
Бөлісу: