Бахтиер Зайнутдинов Түркиядан Қазақстанға оралды

4 Қыркүйек 2023, 18:44 824

Түріктің «Бешикташ» клубының Бахтиер Зайнутдинов Еуропа чемпионатының іріктеу матчына қатысу үшін Қазақстанға оралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Зайнутдиновтің елге оралғанынан видеоны Қазақстан футбол федерациясы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының сапына Рамазан Оразов, Марат Быстров пен Нұралы Әліп қосылды.

Оқи отырыңыз:

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 аясында 7 қыркүйек күні Финляндияны, 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияны қабылдайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)

Төрт ойыннан кейін құрамамыз Н тобында 9 ұпаймен Финляндиядан кейінгі екінші орында тұр. Финдердің еншісінде де 9 ұпай, бірақ олар қосымша көрсеткіштер бойынша 1-орынға жайғасқан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: