Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА-мен қоштасты

17 Тамыз 2023, 17:45 902

ЦСКА мен «Бешикташ» Бахтиер Зайнутдиновтің трансфері жайлы толық келісімге келген. Бұл туралы «Чемпионат» сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басылым мәліметінше, клубтар қаржы мәселесін толық шешкен. Зайнутдиновтің өзі бейсенбі күнгі жаттығудан кейін командалас әріптестерімен қоштасқан.

Бұған дейін «Бешикташ» Зайнутдиновтің трансфері үшін ЦСКА-ға 3 млн еуро және тағы осыншама еуро бонус ретінде ұсынғанын жазғанбыз. Ал мәскеулік клуб бірден қолма-қола 6,5 млн еуро сұраған болатын.

Sabah агенттігінің мәліметіне қарағанда, Түркияның клубы ЦСКА-ның сұраған ақшасына келіспей, футболшыны 5 млн еуроға сатып алған. Сонымен қатар кейін оны сатып жатса, тағы 15 процент бонус төлейді. 

Енді Зайнутдинов келісімшарт бойынша «Бешикташтың» құрамында 4 футбол маусымын өткізеді.

Мәскеулік клубқа ол 2023 жылы «Ростов» клубынан 2 млн еуроға сатып алынған.  

Мадина Асылбекова
Бөлісу: