Бахрейн балуаны Сербиядағы әлем чемпионатында сенсация жасады

18 Қыркүйек 2023, 21:45 683

Сербияда күрес түрлерінен  өтіп жатқан әлем чемпионатында 97 келіде сенсациялық оқиға тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бахрейн елінің атынан күрескен легионер Ахмед Тажудинов жартылай финалда екі дүркін Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садуллаевты 9:2 есебімен ұтып, финалға шықты.

Ахмед Тажудинов 1/4 финалдық кездесуде Ахмед Кайл Снайдерді 10:0 есебімен жеңген болатын. Енді Бахрейн балуаны Ахмед Тажудинов жаһандық доданың финалында өнер көрсетеді. 

Бұл салмақта күрескен қазақстандық Әлішер Ерғали ширек финалда грузия палуанына есе жіберді. 

Берік Арманов
Бөлісу: