Бағдат Мусин демалысын қалай өткізетінін айтты

2 Қараша 2022, 14:12 2297

Бұл туралы Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телеграмдағы парақшасында отбасы дәстүрі туралы жазды, деп хабарлайды El.kz.

«Отбасының бірлігінен асқан қандай бақыт бар?! Күнделікті жұмыстан қолымыз босамай, жақын адамдарымызға аз көңіл бөліп жатамыз. Апта бойы асыға күтіп, отбасыммен бірге өткізген әрбір сәт мен үшін өте қымбат. Отбасылық дәстүрді қалыптастыра отырып, кезекті демалыс күнін жанұяммен бірге өткіздім. Өткен жексенбіде қала сыртындағы орман алқаптарында таза ауада серуендеп, күз мезгілінің әсерлі көрінісін тамашаладық. Жақын адамдарымызға қамқор болып, оларға барынша көңіл бөліп жүрейікші!», – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

EL.KZ
Бөлісу: