Беғазы археологиялық кешені

28 Қараша 2017, 20:52 20386

Сарыарқа төсіндегі тарих

Қазақстанның далалық белдеуіндегі соңғы қола кезеңі, ең алдымен Беғазы-дәндібай мәдениетінің жарқын ескерткіштерімен ерекшеленеді. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл мәдениет – Беғазы, Дәндібай, Айбас Дарасы, Саңғыру-1 және Саңғыру-3, Бұғылы-3 сынды қорымдармен, көптеген қоныстармен сипатталады.

Тарихи деректерге сүйенсек, Орталық Қазақстанда жүргізілген алғашқы археологиялық қазбаларды 1933 жылы П.С.Рыков басқарған Мемлекеттік материалдық мәдениет тарих Академиясынң Нұра экспедициясы жүргізген. Экспедиция жұмысының нәтижесі қазақстандық археологияның қалыптасуына әдістемелік негіз болды. Экспедицияға қатысқан тарихшылар қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің бірнеше қоршаулары мен обаларын қазып, зерттеді. Экпедицияның ғылымға қосқан ең үлкен үлесі болып Дәндібай ауылының маңындағы Шерубай-Нұра өзенінің бойынан табылған №11 оба саналады.

Ал, М.П. Грязнов қазып, зерттеген Дәндібай қорымы беғазы-дәндібай мәдениетінің ең алғаш ашылған ескерткіші. Бұл ескеркіш Шерубай-Нұра өзенінің жағасында, Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа 60 км жуық жерде орналасқан. Тарихи деректерде бұл ескерткіш ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Шерубай-Нұра (Топар) су қоймасының астында қалғандығы жазылды. Осылайша ұзақ уақыт бойы Дәндібай мәліметтері теңдессіз болып қала берді.

Тек соғыстан кейінгі жылдары Сарыарқаның көне мәдениеті жаңа серпін алып, тың деректер белгілі бола бастады. 1946 жылы Қаныш Сатпаевтың ғылыми, қоғамдық қызметтері мен жеке басының беделінің арқасында Алматыда құрылған Қазақ КСР Ғылым Академиясы алғашқылардың бірі болып зерттеуге кірісті. Әлкей Марғұланның атсалысуымен республикадағы тұңғыш археологиялық экпедиция – Орталық Қазақстан археологиялық экпедициясы құрылды. Зерттеу жұмыстарына тікелей қатысқан Әлкей Марғұлан бабамыз «Қола және ерте темір дәуірлеріне тән ескерткіштер толығымен жойылып кету қаупінде тұрды» - деп жазды.

1947 жылы Беғазы қорымында қазба жұмыстары басталды. Андроновтық қоршаулардан қазақ мазарларына дейінгі әр кезеңнің зират құрылыстары орын тепкен бұл қорымның аумағы 10 га жерді алып жатты. Беғазы қорымынан ашылған негізігі жаңалық деп – мавзолейлер мен кесенелер деп аталған тас мазарлардың қазбаларын айтуға болады. Себебі, Беғзы қорымынан табылған осы және өзге де кесенелердің қазбалары Қазақстандағы кейінгі қола дәуірінде өркендеген жарқын мәдениеттің үлгісі екендігін айшықтайтын құнды деректерді берді.

Сарыарқаның қола дәуіріне қатысты мәліметтерді алғаш жинақтаған Кемел Ақышев. Ол Орталық Қазақстанда андронов мәдениетінің федоров және алакөл кезеңдері деп ерекшелесе, кейінгі қола кезеңін дәндібай кезеңі деп атады.

1970 жылдан бастап Орталық қазақстандағы зерттеу жұмыстарын Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультеті жанынан құрылған экпедиция жүргізіп келеді. Қарағандылық археологтар қола дәуірінің археологиялық материалдары бойынша аймақтың тұрақты деректік базасын, ескерткіштің жергілікті кезеңдемесін жасауға, сондай-ақ көне дәуірдегі адамдар ұжымының тұрмыс дәстүрі мен тіршілік әрекетінің негізгі белгілерін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ондаған нысанға қазба жүргізді. Қазіргі таңда Қазақстанның далалық кеңістігенен беғазы-дәндібай мәдениетінің ондаған қоныстары мен қорымдары белгілі болып отыр.

Орталық Қазақстанның қола дәуіріндегі мәдениеті туралы жинақталған материалдар қазақстандық ғалымдардың «Орталық Қазақстанның көне мәдениеті» атты ұжымдық монографиясында жақсы баяндалған.

       

Сарыарқа деп аталатын таңғажайып және көп жағдайда құпия әлем біздің еліміздің  дәл ортасынан орын алған. Ол оңтүстікте Тұран ойпатынан солтүстікте Батыс-Сібір жазықтығына дейін, шығысында Ертіс жазықтары мен Тарбағатай сілімдерінен батысында Мұғалжарға дейін жетеді. Мұнда түрлі ландшафтылар бар: көкжиекте көк аспанмен ұштасқан, киіктер мен қасқырларға мекен болған бетегелі дала; су мен жаңбыр шайып тілімдеген, арқар мен таутекеге пана болған шоқылар мен таулар; ұсақшоқылардың арасындағы бұғы және қоян ұялаған кішігірім ормандар, әліде өмірдің қайнар көзі болып табылатын көптеген көздер. Арқаның алып даласы әрқашанда адамға мекен болған. Оған тас, қола мен ерте темір дәуірі, ортағасырлық ескерткіштер айғақ. Өлкеде жүргізілген археологиялық зерттеулер арқасында жүздеген-мыңдаған жылдар бойғы заттық мәдениет түрін сипаттайтын кең көлемдегі мәліметтер жинақталған. Орталық Қазақстан – Арқа жерінің үлкен бір құрамдас бөлігі. Географ мамандар «арал тәріздес аласа таулар» дер атаған Қарқаралы, Қызыларай, Баянауыл, Ұлытау сынды таулы өлкелер осында шоғырланған. Орталық Қазақстанда есімдері отандық ғылым тарихында алтын әріптермен жазылған Әлкей Марғұлан, Кемел Ақышев, Мир Қадырбаев, Әбдіманап Оразбаев сияқтыбелгілі археологтар жұмыс атқарады. Олардың жетекшілігіндегі экспедициялар Арқаның ерекше қызулы алтын күнінің астында түрлі өлкелерде кең көлемді зерттеулер жүргізді. Бұлар - Еуразияның аса үлкен бір пұшпағын құрайтын әлемге ашқан алғашқылары болды. Орталық Қазақстандағы алғашқы адамдардың іздері өте ерте замарнға,яңни палеолит дәуіріне жатады. Орта тас дәуірінен бастап ерте қолаға дейінгі аралықтағы даму сатыларды көпқабатты Шідерті-3 тұрағының мәліметтерін береді. Мұндағы заттық кешен адамның құрал дайындау ісінің даму үрдісін көрсетеді, ол өз кезегінде көне бір дәуірден тас құралдарды мыс, кейіннен қоламен алмастырған екінші бір дәуірге өту барысын көрсетеді. Тас дәуірінің ең соңында өндіруші шаруашылыққа көшу орын алады - қыш пайда болды, бақташылық туындады. Қола дәуірінде далалық өркениеттің іргетасы қаланды деп нақты айта аламыз. Орталық Қазақстан алқабы Орал тауларынан Енесейге дейін, оңтүстігінде Тянь-Шянь мен Памир, Орталық Азияның шөлдеріне дейінгі  аралықты қамтыған андронов тарихи- мәдени қауымдастығының құрамында болды. Бұл мәдени орта Еуразияда аймағындағы бірегей құбылыс болыа табылады. Дәл осы кезде, яғни б.з.д 2 мыңжылдықта өндіруші мал шаруашылығы мен кешенді отырықшы-бақташылық бағыттары толығымен орнады. Ерекше орынға қола өндіру ісі шықты. Б.з.д 2- мыңжылдықта Орталық Қазақстан Еуразияның аймағы аумағы бойынша үлкен, көршәлес өңірлерге әсер еткен тау-кен, металлургия және метал өңдеу ошақтарының біріне айналды. Айрықша орынды ерте көшпелілік мәдениетінің алдында тұрған соңғы қола дәуірінің Беғазы-дәндібай мәдениетінің алып құрыластары иеленеді. Осы кезеңге тән экономиканың пәрмені дамуы, терең әлеуметтік қарым-қатынастар, қалыптасқан идеологиялық көзқарастар мен дүние танымдық жүйе, жоғары деңгейлі құрылыс ісі - әлі де болса ғалымдар санасында аз зерттелген, қала берді жұмбақ құбылыс болып қалуда. Әсіресе, бұл Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетімен қоса, Еуразиялық далалық белдеудің басқа аймақтарындағы б.з.д  1 мыңжылдықтың басындағы ертекөшпелілік мәдениетінің қалыптасу мәселесінің күрмеуін шешуде өзекті болуда. Негізгі тобы Қарағанды облысында орын тепкен, тастан қаланған көлемді жерлеу құрылыстары ғылымда мавзолейлер деген атау алды. Олар Беғазы, Дәндібай, Еңбексүйгіш, Бұғылы, Саңғыру, Ортау қорымдарында орналасқан. Беғазы-дәндібай мәдениетінің Кент, Мыржақып, Бұғылы-1сынды протоқала дәрежесіне сай келетін аса ірі қоныстары бар. Қазақстан жеріндегі қола дәуірі қоныстарының ең үлкені болып табылатын Кент қонысының ауданы 30 га, мұнда тұрғын үй, түрлі шеберханалар,ғұрыптық орындар санатына кіретін барлығы 100 астам құрылыс тіркелген. Ғалымдардың пікірінше, беғазылықтар әскери ақсүйектер - пәрменді көсемдер басқарған бірнеше ірі тайпалық  бірлестіктерден құралған. Үлкен көлемдегі тас мавзолейлер болса, билік пен байлықты өз қолдарына жинаған, метал өндіру мен оны бөліп-тарту саласына бақылау жасап отырған, алыс өлкелерге жорықтар жасаған қаһарлы көсемдердің қабірлері болып табылады. Қола дәуірінің, Беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу, олардың Еуразияның Ұлы дала белдеуіндегі орны мен мән-мағынасын анықтау жұмысы жалғасуда. Архоелегтар антрополог, генетиктермен бірлесе отырып, андронов тұрғындарының көшіп-қону және батыс-сібір орманды далалы өлкелеріндегі аборигендермен араласуының арқасында кейінгі қола дәуірінің Беғазы-дәндібай  мәдентетімен байланысты делінеді. Жергілікті батыссібір далаларының жағдайына бейімделген Орталық Қазақстан территориясынан келген беғазылық тұрғындар аралас мәдениеттердің пайда болуына себеп болды. Археолог, антрополог және генетиктердің мәліметтеріне сүйене отырып, олар беғазы-дәндібайлықтардың әсері салдарынан солтүстік және шығысқа қарай ығысты деген болжам жасай аламыз. Қола дәуіріндегі батыссібірлік орманды далалы өлкелеріндегі көшіп-қонулардың ішінде Қазақстан территориясынан келген топтардың ықпалы басым орында болған сыңай танытады.

Беғазы-дәндібай мәдениетінің көрнекті жерлеу камералары негізіне Орталық Қазақстан территориясында орналасқанымен, қазіргі таңда олар кең аумаққа тарағандығы дәлелденген. Бұл дәлел ОңтүстікСібір мен Орталық Азияға тараған қыш кешені мен жебе ұштар негізделеді. Беғазы жерлеу кешендеріндегі зәулім құрылыстар ерте көшпелі сақ мәдениетінің қайнар көзін зерттеу бағытындағы жұмыстарды ынталандыруға түрткә болды. мысалы, Іле өзенінің бойында сақ уақытының атақты бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасының құрылымын Ресей ғалымы профессор Л.Р.Кызласов Беғазы қорымындағы тас кесенелермен салыстырды. Беғазы-дәндібай мәдениетінің Арал өңіріндегі Солтүстік Түгіскен қорымымен байланысы анықталды. Беғазы кесенелерінің құрылымдағы ерекшеліктер Оңтүстік Сібірдегі ерте көшпелілердің Тағар мәдениетінде байқалады. Археологтар дромосты тағарлық жерлеу қоршауларының кейінгі қола дәуіріндегі Орталық Қазақстанның ескерткіштерімен өзара байланысы бар екенін анықтады. Еуразиялық далалық белдеудің шығыс бөлігіндегі кейінгі қола мен ерте сақ уақытының ескерткіштерін мен Майемер мәдениетінің ескерткіштері, Таға мәдениетінің подгорнов сатысының қорғандары мен Солтүстік Түгіскен кесенелері кіреді. Ертесақ кешендер зерттеу арқасында археологтар Беғазы-дәндібай мәдениетінің далалық өлкенің шығысындағы барлық жерде жаңашылдықтың енуіне шешуші орында болғандығын айтады. Кейінгі қола дәуірінің элиталық жерлеу ғұрпының дәстүрлі Жетісуда (Бесшатыр), Шығыс Қазақстанда (шілікті), Тыва (Хондей) ескерткіштерінен нақты байқалады. Беғазы-дәндібай мәдениетінің шартарапқа берген әсері сонша, қазір оның Орталық Қазақстандағы нұсқасымен қатар, соңғы қола сатысындағы Дала кеңістігінің көптеген өлкелеріне тән жалпы беғазылық қабатты айтуға сыңайлы. Ертесақ мәдениетінің қалыптасуында тайпалардың көшіп-қону мәселесін көптеген археологтар айтып келеді. Аса көрнекті ғалым, Қазақстан археологиясының жетекші өкілі Қ.А.Ақышев кезінде Тасмола мәдениетінің мәліметтерін сараптап келе, Орталық Қазақстанда б.з.д 8-7ғғ. заттық мәдениет пен жерлеу ғұрпындағы өзгерістер кенеттен пайда болды және ол б.з.д 9-7 ғғ.андроновтықтар ортасына жаңа этникелықтоптың енуі мен араласуының арқасында болуы мүмкін деген тұжырым жасаған еді. Қ.А.Ақышев тайпалардың батыстан шығысқа қарай қозғалуының негізгі жолдарын белгілеген болатын: оның алғашқысы Алтай арқылы Шығыс, Тянь-Шянь мен Памирге бағытталды. Б.з.д 1 мыңжылдықта Орталық Қазақстанда қанат жайған үлкен мәдениет – Тасмола. Өлкедегі алғашқы зерттеу жұмыстары 1957ж. бастап қарқындады – осы жылы экспедиция құрамында М.Қ. Қадырбаев жетекшілігіндегі  «Ерте көшпелілер дәуірі  ескерткіштерін зерттеу» тобы жасақталған болатын. Әсіресе, Шідерті бойындағы Тасмола, Нұрманбет, Қарамұрын қорымдарын зерттеу нәтижелері өте маңызды болды. Осының барысында М.Қ.Қадырбаев 1960-шы жылдары Орталық Қазақстанның тасмола мәдениетін бөліп шығарды және оның ареалы батысында Ұлытау мен шығысында Шыңғыстау жоталарының аралығын қамтидыдеген қорытынды жасады. Айта кету керек, қазіргі зерттеулер бойынша, ғалымдар тасмоланы үлкен тарихи мәдени қауымдастық деп қабылдайды және оның таралу аумағына Орталық Солтүстік Қазақстанмен қатар Оңтүстік Орал сырты далаларын енгізеді.Соңғы жылдардың кейбір деректеріне қарағанда, тасмола ауқымына бұрынғы Семей облысының Абай, Шұбартау жерлері, сондай-ақ Жарма өңіріне дейінгі алқаптарда енетін сыңайлы. Мир Қабырбаевтың 1966ж. жарық көрген іргелі зертеулерінде тасмола мәдениетінің басты сипаттамасы беріледі: 7-6 және 5-3 ғғ.болып ажыратылатын екі саты бөлінеді, қару-жарақпен ат әбзелдерінің тамаша типологиясы жасалды, түрлі құралмен әшекейлер суреттелді, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері тарқатылды және де осыларға сүйене отырып  тұрғындардың мәдениеті, шаруашылығы мен этнографиясы жайлы пікірлер ұсынылды. Еуразия белдеуіндегі скиф-сақ мәдениеттерінің арасындағы Тасмоланың өз орны нақтыланды. Тасмола ескерткіштерінің Арал, Шығыс Қазақстан мен Алтай ескерткіштерінен басты айырмашылығы нақты көрсетілді, сонымен қатар, жерлеу ғұрпы мен заттық мәдениеттегі көршілес аумақтар мәдениеттерімен екі арадағы заңды ұқсастықтар да айтылады. Бір маңыздысы, скиф-сақ уақытындағы далалық мәдениеттердің шығыс ареалын белгілеуге арналған «сақ мәдени қауымдастығы» деген арнаулы терминді ғылымда ұсынған зерттеуші осы Мир Қадырбаев еді. Бұл «сақ қауымдастығының» негізі деп М. Қадырбаев Қазақстан мен Алтай тайпаларын санады. Ерте көшпелілердің мәдени кешендерінің бірнеше локальды нұсқалары бар, ал олардың арасындағы жақындық ортақ андроновтық негізден шығады. Тасмола мәдениетінің ашылғанына жарты ғасырдан астам уақыт болғанына қарамастан, М.Қ. Қадырбаевтың сол кезде қойған міндеттері әлі де болса өзекті. 1980-ші жылдардың соңынан бастап Орталық Қазақстан сақ ескерткіштерін Ә.Х.Марғұлан сондай-ақ, ескерткіштері ұзақ уақыт ғылымда белгісіз болып келген үлкен қорғандарды зерттеу айрықша маңызды болып отыр. Қазір Орталық Қазақстанда ондаған сақ қоныстары ашылды.

Төбе беткейлерінде орналасуы, ауданның шағын болуы , үй-жайлардың «усадьба» тәртібімен тіркестіре салынуы, тастың көп қолданылуы сияқты белгілер олардың басты сипатын құрайды. Қола дәуірі қоныстарынан мүлдем басқаша салынған бұл орындар кейінгі қазақ қыстауларына ұқсас. Сыртқы пішіні ғана емес, технологиялық ерекшеліктері де. Үлкен қорғандарды зерттеу ісі аса маңызды болып отыр. Нұркен-2, Назар, Қопа-1, Талды-2, Шерубай қорымдарынан ашылған дромосты қорғандардың деректері өлкедегі ертесақ мәдениетінің қалыптасуындағы соңғы қола, яғни беғазылық субстрат мәселесін қайтадан қарауды талапетеді. Негізгі қорытындыцлар әлі алда, дегенмен, М.Қадырбаев пен Қ.Ақышев кезінде  үлкен қорғандар ерекшеліктерінің мүлдем белгісіз болуы сол кездегі ғылыми тұжырымдарға өз әсерін бергендігі қазірдің өзінде байқалуда. Қазақстан мен Ресей ғалымдарының археологиясы саласындағы жаңа ашулары Еуразияның барлық далалық өлкесіндегі ертесақ мәдениетінің пайда болуы мен даму жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Қазақстан мен Тыванның көне көшпелілері мен өнерінің заттарын сараптау, оларды ою-өрнектерді орындауда, жыртқыштарды бейнелеуде, зерлеу техникасын пайдалануда ұқсастықтар барын байқатады. Кей ғалымдар бұйымдарды орындау техникасын зерттеу көшпелілердің көсемдеріне қызмет көрсететін шеберханаларды оңтүстік өлкелерден іздеу керектігіне итермелейді деп санайды, мәселен, архикалық Хорезм қалаларынан. Ал Тывадағы Аржан-2кешенін тұрғызушылар мен Солтүстік Үндістан, Пәкістан арасындағы қарым-қатынас Қазақстан тайпаларының қатысуымен іске асып отыруы мүмкін. Қазіргі уақыттың сақ археологиясындағы аса маңызды жаңалықтардың біріне Қарағанды облысындағы Талды-2 қорымының зерттеулері жатады. Орталық Қазақстандағы Кент, Талды бойы - археологиялық тұрғыдан айрықша өлкелер. Қ.Аманжолов аулы маңындағы Қарағаш қорымынан б.з.д ІІІ-мыңжылдықтыңсоңғы сатысына сай келетін, яғни этеолит пен қола дәуірінің арасын алып жатқан тым көне қорған ашылып, оның атақты көне шұңқыр мәдениетіне жататыны анықталған. Оның жанындағы Сатан төбешігіндегі қорымдардан қола дәуіріндегі ерте андронов сатысының арбалы жауынгерлері жерленген бірегей ескерткіштері зерттеліп, б.з.д. ІІ-мыңжылдықтыңбасымен мерзімделген болатын. Талды стансасының маңындағы Нұртай қорымынан құнды деректер алынып, олардың ғылыми маңызының жоғары болғандығы сонша, осы ертеандронов сатысының Орталық Қазақстандағы нұсқасы археология ғылымында нұртай мәдениетінің ерте сатысының Орталық Қазақстандағы қайнар көздерінің осы Талды бойынан бастау алғандығы көрсетіледі. Қызылкеніш  алқабында зерттеліп отырған атақты Кент қонысы соңғы қола сатысында гүлденген беғазы-дәндібай мәдениетінің (б.з.д. 13-9ғ.) аса ірі жәдігерлердің бірі.

Аумағы 30 га жерді алып жатқан бұл қоныс Қазақстан жеріндегі қола дәуірі қоныстарының ең үлкені, мұны қазір ғалымдар протоқала типтес қоныс санатына енгізді. Осы Талды бойындағы Кенттің бір шоқысы Доңғал деп аталады, ал осы тұстан зерттелген қоныс деректері бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің арасын алып жатқан өтпелі кезеңді ғалымдар доңғал кезі (б.з.д.9-8) деп атаған. Бұл мәліметтер Талды өңірінің тым ерте замандардан-ақ қонысқа құтты берекелі жер болғандығын айғақтайды. Алып отырған ескерткішт ер берін ашылды, бірақ, бір ғажабы, қазақ елі археологиясы атасы ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан 1950-жылдары Талдыны көне ескерткіштердің айрықша шоғыры жинақталған өлке деп бағалаған екен. Бұған қарағанда, осы өлкеден ашылатын  соны жаңалақтарды сол кезде-ақ тұспалдаған сияқты. Ерте темір немесе сақ дәуіріндегі құпияларын Талды соңғы жылдары алдыға тартып отыр. Қола дәуірінен бастап, ғұн дәуіріне дейінгі ескерткіштер шоғырланған Талды-2 қорымының тұсын сақ заманының 7 үлкен қорығы алып жатыр. Диаметрлері 30-65м, биіктігі 2-3,5м. Бұл жәдігерлер Қарағанды облысы бойынша аймақтық «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында зерттелген.

Бөлісу: