«Баға өспеді деп айту шындыққа жанаспайды». Аймағамбетов азық-түлік бағасына қатысты

12 Желтоқсан 2023, 12:00 1482

Азық-түлік бағасының өсуіне қатысты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет бағаны 15 пайыздан асырмау қажеттігін айтқан еді. Дегенмен қазір азық-түлік бағасының қымбат екенін дүкен сөрелерінен байқауға болады.

Біз бір мәселені түсінуіміз керек. Қолдан бағаны реттеу нарықтық экономикада, шыны керек, мүмкін емес. Сол себепті тек кәсіпкерлерге бағаны көтерме деп айта бергеннен ештеңе өзгермейді. Ол үшін нақты экономикалық реформаға жүгіну керек және ауыл шаруашылығын, өндірісті дамытуымыз қажет. Егер Қазақстанда алма, ет немесе басқа да бізге керек азық-түлік жеткілікті деңгейде өндірілмесе, оларды сақтайтын қоймалар болмаса, жеткізетін логистикалық мәселелер шешілмесе, әрине, қымбатшылық болады, – дейді ол.

Мәжілісмен салдарынан шаруалар күзде алған өнімін қысқа дейін сақтай алмайды немесе сақталатын болса Астана, басқа да өңірлердің сауда орталықтарында мұндай бір дайындалған тиісті жүйе жоқ екенін айтады.

Сол сауда орталығына жеткізудің өзі проблема. Бұл кешенді мәселе болған соң, үкімет мұнымен айналысуы керек. Бұл жерде кәсіпкерлер кінәлі емес, бұған үкімет кінәлі деген маңызды мәселе емес. Не істеуіміз керек? Бізде кәдімгідей талаптарды сақтайтын және ұқыпты бизнесмендер бар. Бірақ жоқ жерден бағаны екі-үш есе көтереді. Сол себепті бұл жерде барлығын ақ немесе қара деп айту мүмкін емес. Әр апта сайын өзім дүкенге барамын. Бағаның қалай өсіп жатқанын бәріміз көреміз. Баға өспей жатыр деп айту шындыққа жанаспайды, – деді Асхат Аймағамбетов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: