Бадминтоннан Азия чемпионатында төрт қазақстандық спортшы өнер көрсетеді

9 Сәуір, 00:20 777

Нинбода (Қытай) бадминтоннан Азия чемпионаты басталды. Оған Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрлықтық чемпионатта ел намысын төрт спортшы қорғайды.

Медаль үшін Дмитрий Панарин, Максут Тажибуллаев, Камила Смағұлова және Айша Жұмабек сынға түседі.

Айта кетейік, чемпионат 13 сәуірге дейін жалғасады.

Асқар Таудай
Бөлісу: