БАӘ жұптарға некелесу алдында генетикалық тестілеуден өтуді міндеттеді

5 Қаңтар, 14:55 340

Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау министрлігі некелесу алдында жұптар міндетті түрде генетикалық тестілеуден өтуі тиіс делінген қаулы шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

The Jerusalem Post мәліметінше, бұл заң 1 қаңтардан бастап күшіне еніп отыр. Бұған дейін елде жергілікті тұрғындар да, шетелдік азаматтар да некесін қидырар алдында медициналық тексерістен өтуі тиіс болатын. Ал генетикалық тестілеу өту таңдау бойынша жүзеге асырылатын.

Ведомство өкілдері бұл шара жұптарға дені сау ұрпақ әкелуге көмектеседі деп санайды. 2022 жылы 800-ден астам жұп жобаның пилоттық режиміне қатысып көрген. Зерттеу нәтижелері бойынша, жұптардың 86 пайызы генетикалық сәйкестікке қол жеткізсе, 14 пайызына отбасы құру үшін қосымша медициналық көмек қажет болған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: