Бақытжан Сариев ҚР Президенті кеңсесінің бастығы болды

14 Маусым 2022, 19:11 2077

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақытжан Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бақытжан Шөмішбайұлы Сариев Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Бөлісу: