Бақытгүл Хаменованың соты кейінге қалдырылды

4 Қазан 2022, 22:06 1661

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысы әкімінің  бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша 3 қазанға белгіленген сот отырысы 13 қазанға шегерілді, деп хабарлайды El.kz.

"Тараптар пікірталасын жалғастыру жоспарланған сот отырысы №2 қалалық сотта өтуі тиіс болатын. Сот отырысы сотқа төрағалық етуші судья Жұмағали Тәшімовтің науқастанып қалуына байланысты кейінге шегерілді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнататын компаниядан аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталып, қамауға алынған еді. Оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр.

Бөлісу: