БАҚ туралы заңды қайта қарастырамыз – министр

3 Қыркүйек 2022, 11:58 1627

Жақын арада Бақ туралы заң жобасы парламентке талқылауға шығады

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарастырамыз. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды El.kz

«Ақпарат саласының өкілі ретінде сіздерге әрдайым ашық боламын. Мәселелерді бірге талқылауға дайынбыз. Қазіргі таңда БАҚ туралы заң жобасы талқыланып отыр. Жақын арада Бақ туралы заң жобасы Парламентке талқылауға шығады деп ойлаймын. Заң жобасы қазірге дейін талқыланып келді. Арнайы жұмыс тобымен бірге оның ішіндегі мәселелерді қарастырып, танысатын боламын. Журналистер ашық қоғамның негізгі тірегі. Өзім журналистердің мәселесін өте жақсы білемін. Мысалы, әлеуметтік мәселесі, жалақы мәселесі,  журналистердің құқықтық мәртебесі секілді мәселелері бар. Журналистердің әлеуметтік мәселесінен гөрі құқықтық мәртебесін көбірек қарастырған жөн деп ойлаймын»,- деді министр.

Миражан Махан
Бөлісу: