Бүркітші Айшолпан туралы фильм Оскарға ұсынылады

8 Қыркүйек 2016, 12:12

Бүркітші қыз Айшолпан

Қыркүйектің 1-13 күндері аралығында АҚШ-тың Колорадо штатында «Теллурайд фильм» фестивалі өтуде. Бұл туралы kaznews сайты хабарлады. Аталмыш фестивальге әлемге жас бүркітші ретінде танымал болған Айшолпан отбасымен "The Eagle Huntress" фильмі арқылы қатысып отыр. 

Kaznews ақпараттық порталының хабарлауынша «The Eagle Huntress» деректі фильмі киномамандардың жоғары бағасына ие болып, ең таңдаулы деректі фильмдер қатарынан көрінді.

Сонымен қатар, Айшолпанның басты рөлде сомдаған «The Eagle Huntress» деректі фильмі Оскар киносыйлығына ұсынылатын болды. 


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

Бөлісу: