– Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, жол жиегіне аударылып кеткен. Ол көлік салонында жалғыз болған. Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Мәйіт сот-медициналық сараптамасына жіберілді, – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Марқұм Тау ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған. 34 жастағы Нұрлыбек Төрешовтің артында жұбайы мен төрт кішкентай баласы қалды.
Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.