Бүгінгі орыс әдебиетінің қарымы

30 Қыркүйек 2014, 10:13

Егер сіз жақсы кітап жазып, оны алдымен барлығы оқи алады-ау деген оймен ана тілінде жариялап, сосын оны әлемнің әр түкпірінде оқылсын деп басқа тілдерге аударып басамын десеңіз, қатты қателесесіз.

Ресейлік «Эксперт» журналының 36 нөмірінде жарық көрген Вячеслав Суриковтың бүгінгі орыс әдебиеті туралы жазған «Русская литературная экспансия» атты мақаласынан үзінді келтіре кеткенді жөн деп санадық.  

Бүгінгі орыс жазушылары соңғы он жыл көлемінде әлемдік әдебиетте көштен қалып келеді. Олар жазып жатыр, жақсы, сапалы дүниелер тудырып жатыр. Бірақ, олардың оқырмандары тек Ресеймен ғана шектеліп отыр.

***************

Егер сіз жақсы кітап жазып, оны алдымен барлығы оқи алады-ау деген оймен ана тілінде жариялап, сосын оны әлемнің әр түкпірінде оқылсын деп басқа тілдерге аударып басамын десеңіз, қатты қателесесіз. Бүгінде әлемдік кітап нарығы сіз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Мысалы, Михаил Булгаковтың «Мастер и Маргарита» атты әдебиеттегі таңдаулы туындысын алайық. Әлемдік әдебиеттің барлық талаптарына сай болғанмен, қажетті бағасын ала алмай келеді. Бұл шығарма әзірге англо-американдық оқырмандар арасында бір парағы да ашылмаған белгісіз кітап. Ал Пушкинді көбіне Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының сөзін жазғаны үшін ғана біледі.

Бүгінгі әдебиетке берілетін баға, оған деген сұраныстың не екендігі белгілі. Бірден айта кетейік, бүгінгі әдебиеттің негізгі міндеті көп таралымға ие болу емес (әрине, таралымның да пайдасы жетерлік). Бүгінгі әдебиеттің ең мықты дегені Голливуд пен Еуропаның киностудияларының қызығушылығын арттыруы керек. Үздік шығармалардың дені киноға айналады, тіпті бірнеше рет. Мәселен, Л.Толстойдың «Анна Каренинасын» алайық. Үнемі әлемдік режиссерлердің назарында. Соңғы рет 2012 жылы Голливудтың жұлдызы, танымал актриса Кира Найтлидің қатысуымен роман желісі бойынша тағы бір фильм түсірілді. Естеріңізге сала кетейік, «Анна Каренина» фильмі осы уақытқа дейін 30 рет түсіріліпті. Оның қатарында бразилиялық және аргентиналық нұсқалары да бар.

***************

Орыс жазушыларының өнімі Голливудтың қызығушылығын арттырды ма дегенге келсек. Әрине, болды. Бірақ ол орындалған жоқ. Пол Верхувен әлі күнге дейін Борис Акуниннің «Азазель» атты романын түсірем деп әлек. Жақында осыған қатысты Пол Верхувен қаржы іздеп, түсірілімді бастайды деген де әңгіме шыққан. Тіпті, фильмдегі оқиға желісі Санкт-Петербор қаласында өтеді деп жоспарланған екен. Бірақ «Робокоп», «Вспомнить все», «Основной инстинкт», «Звездный десант» атты танымал фильмдерімен көрермен жүрегін жаулап алған режиссерге бұл картинаны қолға алуға мүмкіндік болмапты. Пол Верхувен тек «Азазель» үшін ғана емес, өзінің басқа да жобаларына қаржы таба алмай жүрген көрінеді. Сондықтан бұл сәтсіздік Пол Верхувеннің нақты «Азазельді» таңдап алуымен байланысты емес.

Десе де бүгінгі орыс әдебиетінің бір өкілі Голливуд режиссерлерінің назарына іліккенін жасыра алмаймыз. Борис Акунин – қазіргі орыс әдебиетіндегі өте табысты жазушылардың бірі. Бүгінде ол ағылшын тілді оқырмандарға кеңінен танылып жатса, ол әуелі өз еңбегінің арқасында. Жазушының өзі берген мәлімет бойынша алсақ, бүгінде оның шығармалары шетелге 1 млн. данамен таралған екен. Акунинді бүгінде әлем таниды десек асыра айтқанымыз, өйткені 1 млн. таралым әлі де аздық етеді.

**************

Бүгінгі кітап сатылымының артуына өлшеусіз үлес қосатын Голливуд кинематографтары десек, қателеспейміз. Осы күні ең табысты автор саналатын Герман Кох «Эксперт» журналына берген сұхбатында оның «Ужин» атты кітабы бойынша кино түсіру сөз болғанда оның режиссері Кейт Бланшет (Голливудтың актрисасы) болуы мүкін деген жаңалықтар да болғанын айтқан еді. Бүгінгі жазушылар мен баспалар табысты болуы үшін осы шындықты мойындау керек сияқты.

Басқа елдердің барлығында жазушылардың ең басты жетістігі оның туындысы бойынша сапалы фильм түсірілумен өлшенеді.

*************

Толстой, Достоевский және Чехов – орыс әдебиеті десе еске түсетін алыптар. Тіпті, орыс әдебиетінің негізін қалағандар деп осы үштікті айтса болады. Ал, Нобель сыйлығының иегері атанған Бунин, Пастернак және Шолохов сынды әдебиет өкілдері осы дәстүрлі әдебиетті жалғастырушы ретінде мәртебеге ие болды. Одан кейінгі Нобель сыйлығын алған Солженицын жаңа дәуірдің парағын ашқандай болды. Ағылшын тілді оқырмандар үшін орыстың бұрынғы және бүгінгі әдебиеті бір кездегі Батыс пен КСРО арасындағы саяси жағдайға да байланысты не айтқаны да маңызды. Жазушыны тек әдебиет тудырушы адам ретінде ғана емес, саяси жүйеге жалғыз өзі қалай төтеп беріп шығарма жазуына да қатысты. Мәселен, Иосиф Бродский Нобель сыйлығын саяси қуғындалушы ретінде ғана емес, ағылшын тілді оқырманның танымына терең қалам тербегені арқылы алды. Дәл осы жолмен Владимир Нобаков та жүріп көрмекші болған еді, бірақ Нобель сыйлығы Нобаковқа бұйырған жоқ.

***************

Белгілі жазушы-журналист Дмитрий Быков «Не касается» атты мақаласында «Орыс әдебиетін Батыста да, Шығыста да ешкім оқымайды. Барлығы біз ойлағандай болып жатқан жоқ. Ресейлік кітап дүкендерінен сатып алатын ешбір дүние жоқ» деген болатын. Бұл пікірді Дмитрий Быков одан кейін де айтып жүрген. 

Бөлісу: