Бүгінгі қазақты құраған тайпалар тобының бірі – Үйсін

16 Қазан 2014, 05:51

Бүгінгі қазақты құраған тайпалар тобының бірі – Үйсін

Əйгілі тарихшы Жақып Мырзаханов: “Б. з. дан бері аты тарихта белгілі болған елдер туралы сөз болғанда, олардың тегінің арыда жатқанын, сақтармен, ғұндармен, йүздермен, үйсіндермен жəне қаңлы, аландармен етене байланысып жатқанын ұмытпауымыз керек. Қытайдағы жəне шетелдердегі зерттеушілер қазіргі қазақ даласында, моңғол даласында, заманымыздан кейін күшейіп, арт-артынан дəурендеген елдерден жужандарды (аварларды), оғыздарды, түріктерді, түргештерді, қарлықтарды, қыпшақтарды, қимақтарды, қарақытайларды - осының бəр-бəрін қазақ халқының тегімен тығыз байланыстырады. Біз осы түріктік тайпаларды жалаң қазақ халқының ғана тегіне қатысты деп қарамаймыз. Олар əрине ұйғыр, өзбек, қырғыз, татар, қарақалпақ, түрікпен, башқұрт сияқты өзге түрік тілдес ұлттардың да құрамын толықтаған”, “Солтүстік жəне Батыс Шынжаң өңірінен, Қазақстаннан, Моңғолияға қарасты Орқон, Тамыр, Тула өзендері аңғарларынан қазір табылып жатқан мұралар мен тарихи ескерткіштер жұртты қатты қызықтырып отыр. Осы ұлан-қайыр кең далада, қазақ шежіресі бойынша қазақ үш жүзінің құрамын толықтаған, тіпті қазірге дейін байырғы атын өз қалпында сақтаған тайпалар мен ұлыстар жасаған. Бұған үйсіндер, қаңлылар, аландар, түріктер, түргештер, оғыздар, қарлықтар, керейлер, наймандар, жалайырлар, қоңыраттар, меркіттер, уақтар сияқты өз заманындағы рулық, ұлыстық елдердің көбінің аты қазірге дейін қазақ тайпалары арасында өз қалпында сақталып отырғаны даусыз факт. Олар қоныстанған жəне өмір сүрген өңірді XIII ғасырдың басында Араб, Парсы тарихшылары дешті қыпшақ деп атаған. Ал, XV ғасырдан кейінгі тарихшылар мен этнографтардың қазақ даласы деп атағаны да жұртқа аян” деп өте дұрыс айтқан. Алайда бұл “Үйсіннамада”, көлемді далитпау үшін, бұлардың үйсіннен өзгесіне де жəне оның өзге түрік ұлттарымен байланысына да бұрылмай, тек қазақ пен үйсін қатынасына ғана аялдайық.

Ежелгі үйсіндердің бүгінгі қазақтардың ең маңызды ататектерінің бірі екендігі əбден дəлелденіп, бұл туралы ғылыми талас аяқталғанымен, аздаған күреске тоймайтын жығылушылар əлі де бөтен əуен көтеріп жүр. Жия келгенде жазба не ауызша бөтен əуендер мыналарға саяды:

А. Үйсіндер ақ нəсілділер. Сондықтан бүгінгі қазаққа қатысы жоқ.

Ə. Үйсіндер оңтүстікке ауып кеткен. Олардың тұқымын бүгінгі қазақ ішінде бар деу қисынсыз.

Б. Көне Хəн тіліндегіше болғанда, “Усүн”  дегеннің оқылуы“Үйсінге” жоламайды. Демек ол қазаққа қатыссыз басқа тайпалық одақ.

В. Үйсіндер иран тілінде сөйлеген. Түрік (демек қазақ) тілдес емес.

 Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу: