Ұлттық банк доллар мен рубльдің 10 қазандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 472, 04 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 0,3 теңгеге өсіп, 7,70 теңге болды.
7 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 71 теңгеге қымбаттап, 471, 75 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471,5 – 475 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 471 – 476 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,25 – 7,45 теңге аралығында сатып алу ұсынылып отыр.