Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады

10 Маусым 2016, 05:27

Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Алғашқы матчта Франция мен Румыния кездеседі.

Бүгін төрткүл дүние асыға күткен футболдан 2016 жылғы Еуропа біріншілігі басталады. Осымен 15-рет ұйымдастырылған ала доп додасына 24 команда қатысып, өзара мықтыны анықтайды.
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілдеге дейін футбол мерекесі әлемнің түкпір-түкпіріне тікелей эфирде таратылады. Дүбірлі доп додасынан қазақстандық жанкүйерлер де құр қалмайды. Ұлттық арна турнирдегі 51 кездесудің 36-сын, ал, «Kazsport» телеарнасы 15 матчты тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, матчтардың қайталауын «Kazsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Настройки : История : Обратная связьЗакрыть

Бөлісу: