Бүгін - халықаралық Алғыс күні

11 Қаңтар 2019, 03:04 4412

Бүгін әлем бойынша жылдың ең «сыпайы» күні – Алғыс айту күні атап өтілуде. 

Барлығы жақсы мәнердің мәнін, олардың күнделікті өмірде қажеттілігін жақсы сезінеді, бірақ алғыстың көп бөлігін адамдар мән берместен, олардың мағынасы туралы ойланбастан білдіріп жатады.
Алайда алғыс сөздері сиқырлы қасиеттерге ие – олардың көмегімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлап, көңіл бөліп, жағымды эмоциялар береді. Әлемнің кез келген тілінде екпінмен айтылатын «рақмет» сөзі адамның қандай да бір елде сізге қарым-қатынасын өзгертуге, қызмет көрсету жылдамдығын, сапасын арттыруға және жер шарының кез келген нүктесінде тыныш және жағымды демалуды дұрыс жолға қоюға көмектеседі.
Қазақша «рақмет» сөзі өзбек, қырғыз немесе басқа да түркі тілдерінде бірдей «рахмет» деп айтылады. Әлемнің барлық тілдерінде айтылатын «рақмет» сөзі кез келген халықтың мәдениеті үшін өте маңызды.
Психологтар алғыс сөздері – бұл «басыңнан сипаумен» тең, жан тыныштандыруға және жылытуға қабілетті сөз екеніне сенімді. Ең бастысы, алғыс сөздері шын жүректен айтылуы. Ежелден халық арасында мынадай даналы ұғым болған екен – ашу кезінде алғыс сөздерін айтпаңыз.
Ескере кетейік, Қазақстанда 2016 жылдың 1 наурызынан бастап өзінің «сыпайы» мерекесі — Алғыс күні атап өтіледі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы күнді құруға бастамашы болған еді.  
2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) 22-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы республикада Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынды. Ал ҚХА құрылған күн – 1 наурыз – мереке күні ретінде таңдалды. Бұл күні «ел халқы бір-біріне және қазақтарға жер аударылған жылдары шыдамдылық пен қонақжайлылық танытқаны үшін этнос өкілдері алғыс білдіре алады».

Бөлісу: