Азық-түлік сатып алуға 100 млрд теңге бөлінді

23 Қазан, 10:29 318

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз брифингінде премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Егін жинау маусымы аяқталса да, алда азық-түлік бағасын тұрақтандыру қорының жұмысы тұр. Осы мәселе бойынша тілшілер: «Азық-түлік қоры келесі жылға жеткілікті ме? Өңірдерде азық-түлік қорын жинау қалай жүргізілуде?» деп сұрады.

Бұл біздің күнделікті жұмысымыз. Қазіргі уақытта бағаны тұрақтандыруға қатысты штаб барын білесіздер. Бірақ екі-үш апта болды, қадағалап жатқан жоқпыз. Себебі баға тұрақты. Оны жүргізуге ешқандай қажеттілік болмай отыр. Жалпы республика бойынша азық-түлікті сатып алуға 100 миллиард теңге бөлінді. Оның түрлері, тізімі – бәрі анықталды. Жазда сатып алып, сақтауға қойдық. Қаңтар, ақпан айларынан бастап қажетті азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру үшін нарыққа оны шығарамыз, – деді Серік Жұманғарин.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: